Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сахнада өнер көрсетіп тұрған әнші кенеттен қайтыс болды

Опубликовано:

Нэшвилл қаласынан шыққан америкалық әнші Дэвид Олни Флорида штатында өткен концерт кезінде, сахнаның үстінде көз жұмды. Өнер иесі Санта-Роза-Бич қаласындағы ән авторларының фестиваліне қатысқан еді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әнші сахнада қайтыс болды
Фото: facebook.com/davidolney: UGC

70 жастағы әншінің қайтыс болғанын жақын досы Эми Ригби хабарлады.

Оның сөзінше, Олни үшінші әнінің ортасына келгенде, тоқтап, көрермендерден кешірім сұрап, көзін жұмыпты. Ол қолындағы гитарасымен орындықта отырып қалған.

Дәрігерлер оны аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасапты. Алайда ер адам тілге келместен кеткен.

Дэвид Олни 1948 жылы Провиденсе қаласында дүниеге келген.

1973 жылы Нэшвиллге көшіп келіп, жеке тобын құрған әнші ең алғашқы жеке альбомын 1986 жылы шығарыпты. Оның қнерлік мансабында жалпы 20 альбом жарық көрген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін тікелей эфирде бауырының өлімін естіген жүргізушінің көз жасын ұстап қалғаны туралы жазған едік.

Иорданиялық тележүргізуші бағдарлама жүргізу кезінде туған бауырының әскери базаны ату кезінде қайтыс болғанын естіген.

Қаралы хабар бойжеткеннің көңілін түсіргенімен, ол эфирде бекем болуға тырысты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1836851-sahnada-ner-krsetip-trgan-nsi-kenetten-kajtys-boldy/

pixel