Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дүкеннен ескі диван сатып алған тұрғын 43 мың доллар тауып алды

Опубликовано:

АҚШ-тың Мичиган штатының тұрғыны комиссиялық дүкеннен ескі диван сатып алып, оның ішіне жасырылған 43 мың долларды тауып алыпты. Дегенмен ер адам адамгершіліктен аттамай, ақшаны бұрынғы иелеріне қайтарып берген екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Fox News-ке сілтеме жасап.

Ескі диваннан 43 мың доллар тауып алған ер адам оны иесіне қайтарды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Кирби есімді тұрғынның сөзінше, сатып алынған диван отыруға қолайсыз болған. Сондықтан ер адамның қызы жастықтардың ішінде не жатқанын тексермек болып, ілгекті ағытыпты. Сол кезде ару бірнеше долларлық купюраларды көрген.

Олжаға кенелген Кирби бұл ақшаны алуға құқығы бар ма жоқ па деген сауалмен заңгерге жүгінген. Ол өз кезегінде ақшаның толықтай Кирбиге тиеслі болғанын айтыпты.

Десе де, ер адам дүкенге қайта барып, жиһаздың бұрынғы иелерін іздестіріпті. Кейіннен анықталғандай, оларға бұл диванды аталары мұра ретінде қалдырып кеткен екен. Кирби о баста өз үйінің шатырын жөндемек болғанымен, бұл ақшаны заңды иелеріне қайтаруға ұйғарыпты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елордалық полиция департаменті Нұр-Сұлтанда такси жүргізушісінің клиенттің тастап кеткен әмиянын пайдаланып, айыппұлдарын төлегені туралы хабарлаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1837044-dkennen-eski-divan-satyp-algan-trgyn-43-my-dollar-tauyp-aldy/

pixel