Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үш жыл ақша жинаған: Ішімдікке сылқия тойған азамат демалысқа ұшып кете алмады

Опубликовано:

Киев тұрғыны отбасылық демалысқа аттану үшін үш жыл ақша жинаған. Алайда ол ұшаққа отырар алдында ащы суға сылқия тойып, ақырында ұша алмай қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Шетелдегі демалысына үш жыл ақша жинаған ер адам мастығының кесірінен ұшаққа отыра алмады
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ер адам ұшаққа мінер алдында әуежайдағы мейрамханалардың бірінде ішімдік ішкен.

"Отандасымыз әуежай терминалындағы мейрамханалардың бірінде алкогольді сусын ішіп, масайып қалған. Ол көптен күткен демалысқа кетіп бара жатқанын атап өтті ме әлде ұшақпен ұшудан қорыққаны үшін ішті ме, белгісіз", - деп оқиғаға қатысты пікір білдірді Украина мемлекеттік шекара қызметінде.

Әуекомпания қызметкерлері отбасы мүшелерінің ұшаққа мінгеніне қарамастан, ер адамды борт ішіне жібермеген.

Ол бұл рейспен Шарм-эль-Шейхке ұшпайтынын түсінгенде де шекарашыларға қоқан-лоққы көрсетіп, қарсыласуын тоқтатпапты.

Естеріңізге сала кетейік, Жапониялық ару ұшаққа кіру үшін жүктілік тестін жасауға мәжбүр болғанын хабарлаған едік.

Арудың қолына әуежай қызметкерлері сауалнама беріп, соған қатысты жауап беруін сұраптв. Тест теріс нәтиже шығарып, бойжеткен тек сол кезде ғана лайнердің ішіне кіре алған.

Әуекомпания өкілдері мұндай тексерістердің көші-қон заңдарына сәйкес жасалғанын нақтылап өтті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1837084-s-zyl-aksa-zinagan-isimdikke-sylkia-tojgan-azamat-demalyska-syp-kete-almady/