Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда тағы да күшті жер сілкінісі болды

Опубликовано:

Түркияның Маниса провинциясындағы Кыркагач ауданында магнитудасы 4,8 балдық жер сілкінісі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: aa.com.tr
Көрнекі фото: aa.com.tr: Facebook

Түркия үкіметі жанындағы(AFAD) Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасы сайтының хабарлауынша, 4,8 балдық жер асты дүмпуі 28 қаңтар күні жергілікті уақыт бойынша 14:26-да тіркелген.

Еске сала кетсек, бұған дейін 24 қаңтарда Түркияның шығысында 6,8 баллдық жер сілкінісі болғаны хабарланған.

Daily Mail-дің хабарлауынша, эпицентр орталығы Элазиг провинциясындағы Сивридж қаласының маңында болған.

Алғашқы соққының күші 6,8 баллға тең болды, содан кейін 5,4 балдан 3,5 балға дейін тіркелген. АҚШ геологиялық қызметінің мәліметінше, жер асты дүмпулері 10 шақырым тереңдікте болған.

Салдарынан 100-ден астам тұрғын үйлер қирап, бірнеше адам қайтыс болғаны айтылды.

Дәрігерлердің көмегіне барлығы 1566 адам жүгінген. Жергілікті басылымдар 76 ғимараттың қирағанын, 643 нысанға айтарлықтай нұқсан келгенін жеткізді.

425 нысан жеңіл және орташа деңгейде зақымданған. Табиғат апытынан кейін іле-шала 599 афтершок тіркелді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1838265-trkiada-tagy-da-ksti-zer-silkinisi-boldy/

pixel