Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Куәгерлер көлік астында қалған жаяу жүргіншіні құтқарып алды (видео)

Опубликовано:

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында әйел адамды жол талғамайтын көлік қағып кетті. Салдарынан темір тұлпардың астында қалған тұрғынды жол жөнекей кетіп бара жатқан адамдар жұмыла құтқарған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

көлік қағып кеткен да
Фото: Видеодан кадр: UGC

Twitter желісінде Нью-Йорк көшелерінің бірінде түсірілген видео пайда болды. Кадрда жол жөнекей кетіп бара жатқан ер адамдардың жол талғамайтын көліктің жанына жүгіріп бара жатқанын көруге болады.

Анықталғандай, бірін-бірі мүлде танымайтын азаматтар жол-көлік оқиғасынан кейін көліктің астында қалған әйел адамды құтқаруға асыққан.

"Төменгі Ист-Сайдтағы Деланс пен Норфолка көшелерінің қиылысында апат болып, салдарынан жаяу жүргінші жол талғамайтын көліктің астында қалды. Куәгерлер көлікті көтеріп, зардап шегушіні шығарып алды", - деп жазылды Twitter парақшасында.

Белгілі болғандай, зардап шеккен әйел адамның есімі - Вероника. Ол бірден ауруханаға жеткізіліп, қажетті ем-дом алған.

Дәрігерлердің сөзінше, Верониканың жолы болған. Ол аса ауыр жарақат алмапты.

Өз кезегінде зардап шеккен азаматша жанайқайын естіп, көмекке жүгірген жандарға шексіз алғыс білдірген.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбеде журналистер мінген автобус аударылып, KAZ.NUR.KZ тілшісі зардап шекті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1838779-kugerler-klikti-astynda-kalgan-zaau-zrginsini-ktkaryp-aldy-video/

pixel