Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

WhatsApp жаңа рекорд орнатты

Опубликовано:

Әлемдегі ең танымал WhatsApp мессенджерінің қолданушылары екі миллиард адамға жетті деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Бұл туралы компанияның ресми блогында хабарланды.

Хабарламада бұл мессенджер қызметін қолданушылардың саны күн сайын қарқынды түрде өсіп жатқандығы және соңғы екі жылдың ішінде 500 миллион адамға көбейгені жазылған.

WhatsApp - қолданушылар саны 2 миллиардқа жеткен әлемдегі екінші бағдарлама болып табылады. Бұл мессенджерден Facebook желісі ғана озып тұр. Танымал әлеуметтік желіге 2,5 миллиард адам тіркеліпген деп жазады Вести.Ru.

WhatsApp - хабарламаны, түрлі суреттер мен видеоларды жылдам жіберуге мүмкіндік сыйлайтын, аудио-видео қоңыраулар арқылы тілдесуге болатын байланыс құралы.

Мессенджер 11 жыл бұрын пайда болған. Оны 2014 жылы Facebook компаниясы 19 миллиард АҚШ долларына сатып алды.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Айта кетейік, "ВКонтакте" әлеуметтік желісі мен Telegram мессенджерін құрастырушы Павел Дуров қолданушыларды WhatsApp мессенджерін өшіріп тастауға шақырған болатын.

Кейіннен ол аталған желінің қауіпті екенін ескертті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1840756-whatsapp-zaa-rekord-ornatty/

pixel