Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Картоп күні: Тәжікстанда жаңа мереке пайда болды

Опубликовано:

Тәжікстан Республикасында жаңа мереке пайда болды. Енді мемлекет тұрғындары картоп күнін Худжандта Наурыз күндерінің бірінде атап өтетін болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Басылым мәліметінше, жарлыққа Соғды облысының төрағасы Раджаб Ахмадзода қол қойған.

Айта кетейік, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон "алдағы бес жылда Соғды облысы картоп егінін 1 миллион тоннаға дейін жеткізуі тиіс" деген тапсырма берген.

Қазіргі уақытта мемлекеттің әр аймағында қауын, бал, жүзім және алма күні секілді мейрамдар атап өтілуде.

Енді тәжіктер картоп күнін мейрам ретінде Наурыз мерекесінің бір күнінде атап өтетін болады.

Еске сала кетсек, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Орта Азия басшыларына жаңа мереке тойлауды ұсынған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1840758-kartop-kni-tzikstanda-zaa-mereke-pajda-boldy/

pixel