Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі жігіт интимдік қызмет көрсететін жезөкшелерді тонап кеткен

Опубликовано:

Ресейдегі Түмен облысында полицейлер жезөкшелерге шабуыл жасап, оларды тонап кеткен екі жігітті құрықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Екі жігіт интимдік қызмет көрсететін екі бойжеткенді тонап кеткен
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Құқық қорғау органдарының ақпаратынша, екі бойжеткен интимдік қызмет көрсетумен айналысқан, ал келушілерді ғаламтор арқылы іздестіріпті.

Арулардың хабарламасына екі жігіт жауап беріп, қыздар көрсеткен мекенжай бойынша келген.

"Қонақтар пәтерге кірген бойда бойжеткендердің бетіне газ баллон шашқан. Содан кейін қаскөйлер екеуін де шашынан тартып, үйдегі барлық құнды заттар мен ақшаны талап еткен", - делінге ведомство хабарламасында.

Оқиға нәтижесінде бойжеткендердің жалпы құны 100 мың рубльді құрайтын екі ұялы телефоны және 50 мың рубль қолды болған.

Қазіргі таңда қаскөйлер ұсталды. Олар 22 және 24 жастағы жас жігіттер болып шыққан.

Құқық қорғау органдары сыбайлас қарақшылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Жігіттер он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Зардап шеккен қыздар да жазасыз қалмады. Оларға "жезөкшелікпен айналысу" бабы бойынша әкімшілік протокол толтырылды.

Еске сала кетсек, осыған дейін Алматыда 25 жастағы ару өзін белгісіз біреулердің ұрлап әкетіп, жезөкшелік жолға салмақ болғанын айтып, шағымданған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1840851-eki-zigit-intimdik-kyzmet-krsetetin-zezkselerdi-tonap-ketken/

pixel