Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Толқынмен жағажайға шығып қалған алып медуза тұрғындарды таңғалдырды (фото)

Опубликовано:

Австралияның Квинсленд штатындағы жағажайда жергілікті тұрғындар алып медузаны тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: Facebook/Reef Express
Фото: Facebook/Reef Express: Instagram

Өткен аптада ауа температурасы + 36 градусқа дейін көтерілген уақытта сцифоидты медузалар Вонгалинг қоғамдық жағажайына шыққан.

Олардың кейбіреулерінің диаметрі 60 сантиметрге жеткен.

Жергілікті туристік компанияның менеджері Керрин Беллдің (Kerryn Bell) айтуынша, оны алып медузалар таңғалдырған. Олар Керринген ерген балмұздақты еске түсірген.

"Мен бұған дейін мұндай нәрсені бұрын-соңды көрген емеспін. Олар толқындар кезінде жағалауға шығып қалған. Медузалар ыстық күннің астында қалып, аптап ыстықтан еріп кеткендей көрінеді", - дейді ол.

Маман демалушылар мен жергілікті тұрғындарды медузаға жақындамауды, теңіз тіршілігінен абай болуға шақырды. Себебі, ол адамға қауіп төндіреді.

Сцифоидты медузалар оның тісі өлімге алып келмесе де, қатты ауырсынуды, теріні тітіркендіруді тудыруы мүмкін.

Еске сала кетсек, бұған дейін ғалымдардың ешқашан өлмейтін жер бетіндегі жаратылысты анықтағанын хабарлаған едік.

Ғалымдардың зерттеуінше, олар жер бетіндегі тропикалық мұхиттарда мекендейтін "Туритопсис Нутрикула" атты медуза екен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1841467-tolkynmen-zagazajga-sygyp-kalgan-alyp-meduza-trgyndardy-tagaldyrdy-foto/

pixel