Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус қытайлық режиссер мен оның отбасы мүшелерінің өмірін жалмады

Опубликовано:

Қытайлық Чанг Кай есімді кинорежиссердің отбасы түгелімен коронавирус салдарынан қайтыс болды. Режиссердің әпкесі, сондай-ақ оның ата-анасы вирус ошағы саналатын Ухань қаласында тұрған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: lenta.ru
Көрнекі фото: lenta.ru: Facebook

Белгілі болғандай 55 жастағы кинематографистің жанұясы Ухань қаласында болған. Отбасында алғашқылардың бірі болып оның әкесі сырқаттанған. Режиссердің әкесі қаңтар айында денсаулығындағы кінәратты байқапты.

Чанг Кай әкесін ауруханаға жатқызуға талпынғанымен, қаладағы ауруханалардың барлығында орын болмаған. Осылайша Кайдың әкесі 28 қаңтар күні дүниеден өткен.

Алдын ала болжам бойынша, әкесі оның өзге де отбасы мүшелерінің коронавирусты жұқтыруына себепкер болған. Режиссердің әкесі дүниеден озған соң, көп ұзамай анасы қайтыс болған.

Кейін Чанг Кайдың өзі де сырқаттанып қалған сезген. Режиссер 14 ақпанда қайтыс болса, бірнеше сағаттан соң оның әпкесі дүниеден өткен.

Сол сияқты кинематографтың жұбайы да бүгінде ауыр халде жатыр.

"Би-би-си"-дің мәліметінше, қайтыс боларының алдында оларды ауруханаға жатқызғанымен, дәрігерлер пациенттердің өмірін сақтап қала алмаған.

Айта кетерлігі Чанг Кай уханьдық Hubei Film Studios киностудиясында режиссер әрі продюссер болып қызмет еткен.

Еске сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша Қытайда жаңа коронавирустан көз жұмғандар саны 2000-нан асып, жұқтырғандар саны 74,1 мың адамға жеткен.

Ал вирустан құлған таза айыққандар 14,3 мыңды құрап отыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1841752-kytajda-koronavirus-saldarynan-rezisser-men-ony-ttastaj-bir-otbasy-kajtys-boldy/

pixel