Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әуежай маңында көрінген белгісіз "тіршілік иесі" тұрғындардың үрейін ұшырды

Опубликовано:

Ұлыбританияың Норт-Линкольншир графтығындағы Хамберсайд әуежайы маңында пайда болған бойы үш метрді құрайтын алып тіршілік иесі тұрғындардың үрейін ұшыруда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: Lee Solway. Оқиға орнындағы бұғы аяқтары
Фото: Lee Solway. Оқиға орнындағы бұғы аяқтары: Instagram

Басылымның мәліметінше, тылсым күш патшалығы подкастының жүргізушілерінің бірі МакФинч Хамберсайд әуежайы жанындағы жолда белгісіз тылсым күш иесін көргенін айтқан.

Ол беймәлім тіршілік иесін түн уақытында көріп қалған. Кейін аталған белгісіз күш иесін жасы егде тартқан ерлі-зайыптылар да көрген. Бастапқыда МакФинч оны елес деп ойлаған.

Ал келесі күні ер адам жаңағы орынға қайта барғанда, бұғының аяқтарын тапқан.

"Суреттер анық емес, себебі ол көліктен түсірілген. Ол шығуға қорыққан. Кейбіреулер мұны браконьерлердің ісі деп болжап отыр. Мүмкін солай да шығар. Бірақ жол үстінде тоқтап, өздерінің олжасын тастап кетудің не қажеті бар", - дейді подкаст авторларының бірі Солвей.

Айта кетерлігі бағдарлама жүргізушілерінің екеуі де алдағы уақытта Research and Witness Convenion конференциясына қатыспақ.

Онда олар оқиғаның өзге де куәгерлерімен жүздесіп, сол күнгі жағдайды талқыға салмақ.

Еске саларлығы, бұған дейін дәл осындай жағдай Мексикада да тіркелген еді. Онда көкте тылсым елес қалықтап, көптің зәресін ұшырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1841879-uezaj-mayndagy-bojy-s-metr-belgisiz-tirsilik-iesi-trgyndardy-rejin-syrdy/

pixel