Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Индонезияда қыздарды бай адамдарға тұрмысқа беру арқылы теңсіздікпен күреспекші

Опубликовано:

Индонезияның Мәдениет және білім министрі Мухаджир Эффенди бай адамдарға кедейлерге үйленуге ұсыныс жасады. Оның айтуынша, осылайша елдегі теңсіздік мәселесін шешуге болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Korrespondent.net-ке сілтеме жасап.

индонезия
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Мухаджир Эффендидің айтуынша, мұсылмандардың "өз теңіңді табу керек" деген ережесінен соң бақуат адамдардың кедейлерге үйленуі қалыптаспаған. Министр адамдар ережені дұрыс түсінбеген дейді.

Осы мәселені шешу мақсатында Мухаджир үйлену алдында сертификаттау бағдарламасын ұсынған. Оған сәйкес, үйленгісі келетін, алайда экономикалық жағдайлары тұрақты емес жұптар арнайы сертификат алулары керек.

"Егер кедейлер өзге кедейлерді іздесе не болады? Кедейлер саны көбейеді. Ал бұл Индонезия үшін проблема", - дейді министр.

Сондай-ақ шенеуніктің айтуынша, үкімет класаралық неке туралы арнайы заң шығаруға дайындалу үстінде. Одан бөлек, билік экономикалық жағдайы тұрақсыз жұптарға жұмыс табуда көмектеспек ниетте.

Еске сала кетсек, 20.02.2020 датасында қазақстандықтар некеге отырудан рекорд орнатқан еді. Дәл осы сандары үйлескен ерекше күнде 800 жұп шаңырақ көтеруге шешім қабылдапты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1842369-indoneziada-kedejlerdi-kedejlerge-jlenuine-tyjym-salu-synyldy/

pixel