Жеміс сыртына жабыстырылатын сандардың не мағына білдіретінін білесіз бе (фото)
Опубликовано:
Кейінге кезде дүкен сөрелері мен сауда орталықтарынан, тіпті базарлардан жеміс-жидектердің сыртында жабысып тұрған қызылды-жасылды, сандар жазылған "қағазды" байқап жүрміз. Көпшілігіміз оның өзіндік мағына беретінін пайымдасақ та, сатушыдан немесе басқа адамнан себебін сұрамағанымыз анық. Осы орайда KAZ.NUR.KZ порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап жеміс-жидектің сыртындағы жабыстырмалардың не мағына беретінін анықтады.

Басылым мәліметінше, сандарға қарап, жемістің қай елден, қалай өсірілгенін, ГМО қосылған не қосылмағанын білуге болады.
3 не 4-тен басталатын 4 таңбалы сан
Егер жабыстырмада төрт таңбалы сан көрсетілген болса, онда бұндай жеміс-жидек не көкөністі өсіруге көп пестицид пен тыңайтқыш қосылған дегенді білдіреді.
Демек, шаруалар өсімдікті барынша тез өсіру үшін агротехнология қолданды деген сөз.

8 санынан басталатын 5 таңбалы сан
Осындай жеміс-жидектер мен көкөністер гендік инженерия арқылы өсірілген. ГМО деп елдің айтып жүргені - осы. ГМО-ның зиян немесе зиянсыз екендігі әлі белгісіз. Ғалымдардың бұл мәселеге келгенде пікірі екіге бөлінеді. Мүмкіндік болса, ГМО қолданылған жемістерді сатып алмай-ақ қойғаныңыз абзал.

9 санынан басталатын 5 таңбалы сан
Бұндай жемістер мен көкөністерді өсіруге ешқандай тыңайтқыш қолданылған жоқ дегенді білдіреді.
Яғни, жеміс табиғи ортада, қолмен өсірілген. "Органикалық өнім" деп осыны айтады.
Мамандар, 9 санынан басталатын 5 таңбалы сан жабыстырылған өнімді тұтынуды ұсынады.

PLU-коды жоқ жемісті пайдалануға бола ма?
Негізінде, шетелден әкелінген жеміс-жидектер мен көкөністерде міндетті түрде жабыстырма болады. Шекараның талабы сондай. Егер жеміс-жидекте жоқ болса, демек, сатушы өзі алып тастаған. Сол себепті мамандар бұндай жеміс-жидекті қолданбауға шақырады.

Еске сала кетсек, бұған дейін тез ұйықтауға көмектесетін тағамдар жайлы жазған едік.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1842388-zemis-syrtyna-zabystyrylatyn-sandardy-ne-magyna-bildiretinin-bilesiz-be-foto/