Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гаражда бір көліктен екіншісіне секірген тылсым елес үй иелерін шошытты

Опубликовано:

АҚШ-тың Джорджия штатының тұрғыны Reddit желісінде гаражындағы бейнебақылау камераларынан алынған жазбаны көрсетті. Кадрдан елеске ұқсас ақ көлеңкенің әуеде қалықтап жүргенін көруге болады деп хабаралйды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ге сілтеме жасап.

Гаражда бір көліктен екіншісіне секірген тылсым елес үй иелерін шошытты
Фото: Видеодан кадр: UGC

Кадрдан гараждағы елестің бір көліктен екіншісіне ұшып, секіріп жүргенін, содан кейін ғайып болғанын анық көруге болады. Видео авторы желі қолданушыларынан мұның не болуы мүмкін екенін сұрады.

Желідегілер ақ көлеңкені өмірден озған адамның жаны болуы мүмкін деді. Алайда видеоны көргендердің арасында елеске сенбегендер де болды. Олар ақ көлеңкені - камера алдында ұшып өткен өрмекшіге ұқсатты.

"Бұл камера алдында жүріп өткен қоңыз немесе қайтыс болған адамның рухы. Не болса да енді гараждың есігін жауып жүремін", "Мен шынайы сенген жалғыз видео осы шығар", "Мұны қоңыз деп ойламаймын. Гаражда көліктердің арасында жасырынып жүрген бір адам болуы мүмкін дегенге сенемін", "Бұл камера алдындағы өрмекші", - деп жазды олар.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлыбританияың Норт-Линкольншир графтығындағы Хамберсайд әуежайы маңында пайда болған бойы үш метрді құрайтын алып тіршілік иесі тұрғындардың үрейін ұшыруда.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1843205-garazda-bir-klikten-ekinsisine-sekirgen-tylsym-eles-j-ielerin-sosytty/

pixel