Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Стюардессалар ішімдік қолданған жолаушыдан қорқып, шу шығарды

Опубликовано:

Сингапурдан Лондонға бағыт алған ұшақтың стюардессалары борттағы ішімдік қолданған жолаушыны "коронавирус жұқтырды" деп шатастырып, әуе көлігінің ішінде дүрбелең туғызды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

26 жастағы британдық студент Джулия Валентиннің айтуынша, ол құрбысы Динамен бірге таңғы рейске дейін ұйықтамай алкогольды сусын ішкен.

Ұшу кезінде студент өзін нашар сезініп, бортсеріктен парацетамол сұраған. Осыдан кейін әуе компания қызметкері күйгелектене бастаған.

Борт серіктер Валентинді маска тағуға мәжбүрлеп, барлық жолаушыларды 26 жастағы студенттен алысырақ отырғызып, жарты сағат сайын оның температурасын тексеріп отырған.

Одан бөлек, Хитроуға қонғаннан кейін британдықты әуежайда коронавирустан қорғайтын костюм киген дәрігерлер мен өрт сөндірушілер күтіп алып, белгісіз жерге 14 күнге карантинге жатқызады.

Студенттің болжамынша, оны және басқа жолаушыларды әуежайға жақын жердегі Holiday Inn қонақ үйінде оқшаулаған.

Британдық ару дәрігерлер мен стюардессаларға алкогольды сусын ішкенін айтқанымен, оның сөзіне ешкім сенбепті.

Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы дерегінше, Дүние жүзі бойынша Қытайды есепке алмағанда, коронавирус тіркелген мемлекеттер саны 64-ке жеткен.

2 наурыздағы ақпарат бойынша бір тәулікте коронавирус тіркелген мемлекеттер саны алтыға артқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1843649-koronavirus-stuardessalar-isimdik-koldangan-zolausydan-korkyp-su-sygardy/

pixel