Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақ аттағы ханзадасын іздеген бойжеткен 400 жігітпен кездесуге барған

Опубликовано:

Эмма Шутер күн сайын 12-ге жуық танысу сайтында отырып, төрт сағатқа жуық болашақ жарын іздейді екен. Алайда бүгінгі таңға дейін 398 ер азаматпен кездесуге барған ару әлі күнге дейін ақ аттағы ханзадасын кезіктірмепті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru сайтына сілтеме жасап.

Ару ақ аттағы ханзадасын табу үшін 400 ер адаммен кездесуге барған
Фото: bigpicture.ru: UGC

Келіншек ақылы сайттарға тіркелу үшін 3500 фунт, яғни, 1,5 млн теңгеден астам қаражат жзұмсаған. Соңғы он жылда ол тек 30-ға жуық ер азаматпен екі рет кездескен. Десе де, Эмма үмітін үзбей, екінші жартысын әлі күнге едйн іздестіру үстінде.

Ұлыбританияның Хартфордшир қаласының 37 жастағы тұрғыны әр таңын көптеген ұялы қосымшалардан келетін хаттарды оқудан бастайтынын айтты. Ол бір сағат бойы кездесуге лайық деген ер азаматтарды іздейді екен.

Эмманы 26 мен 38 жастағы ер азаматтар қызықтырады. Оған құрылысшылар және спортпен айналысатын жігіттер ұнайды.

Алғашқы кездері британиялық ару ер азаматпен кездеспес бұрын екі апта онымен электронды чаттарда сөйлескен. Алайда көп ұзамай хат алмасу процесін жеделдету керек екенін түсініпті.

Сол себепті Эмма танысқанына бірнеше күн болған ерлермен алғашқы кездесуге бара беретін болған.

Естеріңізге сала кетейік, жігіті тастап кеткен соң арықтаған 26 жастағы ару сұлулық байқауын жеңіп алды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1843839-ak-attagy-hanzadasyn-izdegen-bojzetken-400-zigitpen-kezdesuge-bargan/

pixel