Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ қаржы министрлігі пандемия салдарынан азаматтарға 500 млрд доллар төлеуді ұсынды

Опубликовано:

АҚШ қаржы министрлігі коронавирусқа байланысты экономиканы қолдау пакеті бойынша ұсыныстарды сәрсенбі күні нақтылады. Атап айтқанда, үкімет америкалықтарға 500 миллиард долларға дейін қолма-қол ақша бөлуді ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

АҚШ ақша береді
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
"Салық қызметі мен фискалдық қызметтер бюросы өткізетін салық төлеушілерге тікелей төлемдердің екі кезеңі үшін қаражат бекітіп, бөлу ұсынылады: 6 сәуірден бастап 250 миллиард доллар және 18 мамырдан бастап 250 миллиард доллар төлеу керек", - деді министрлік меморандумда.

Төлемдер салық төлеушілердің кірістеріне байланысты болады деп есептеледі. Сонымен қатар, қаржы министрлігі шағын бизнесті несиелендіруге 300 миллиард доллар, экономиканың проблемалы секторларынан қарыз алуды кепілдендіруге 150 миллиард доллар, ал эпидемиядан қатты зардап шеккен авиация саласын қолдауға бөлек 50 миллиард доллар бөлуді ұсынады.

Бұдан бұрын Дональд Трамптың бас экономикалық кеңесшісі Ларри Кудлоудың хабарлауынша, экономиканы қолдау пакеті рекордтық 1,3 триллион долларды құрағаны айтылды.

Бұл жағдайда қаржы министрлігінің ұсынысын АҚШ конституциясына сәйкес бюджет қабылдауға айрықша құқығы бар Конгресс мақұлдауы керек.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 42-ге жеткенін хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1846226-aks-karzy-ministrligi-pandemia-saldarynan-azamattarga-500-mlrd-dollar-tleudi-syndy/

pixel