Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылықтар өзгелерден қалыспай медқызметкерлерге қошемет көрсетуде

Опубликовано:

Алматыдағы Тау Самалы қалашығының тұрғындары коронавируспен күресіп, адамдардың өмірін аман алып қалуға тырысып жүрген медициналық қызметкерлерге қошемет білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматылықтар өзгелерден қалыспай медқызметкерлеріне қошемет көрсетуде
Фото: Видеодан кадр: UGC

Twitter желісінде қала тұрғындарының қол шапалақтап, дәрігерлерге алғыс білдіріп жатқан видео пайда болды.

Олар коронавирус жұқтырған азаматтарды емдеуге бар күшін салып, барынша еңбек етіп жүрген еліміздің ақ халатты жандарына аяқтарынан тік тұра қошемет білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы деректер бойынша, Алматы облысында тағы бір адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 294-ке жетті.

Айта кетсек, 30-шы наурыздан бастап, Атырау, Қарағанды, Теміртау, Саран, Абай және Шахтинск қалалары каратинге жабылды.

Ал Ақтау қаласында бірқатар шектеулер күшіне енеді. 31-ші наурыздан бастап Ақтөбе, Қостанай облыстарына кіруге тыйым салынады.

Еске сала кетейік, 19 наурыздан бастап еліміздің ең ірі екі қаласы Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылған болатын.

Ал еліміздің үшінші мегаполисі Шымкентте 28 наурыздан бастап бірқатар шектеу шаралары күшіне енген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1847892-almatylyktar-zgelerden-kalyspaj-medkyzmetkerlerine-kosemet-krsetude/

pixel