Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус жұқтырған Ұлыбритания премьер-министрі ауруханаға жатқызылды

Опубликовано:

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон ауруханаға түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Коронавирус жұқтырған Ұлыбритания премьер-министрі ауруханаға жатқызылды
Көрнекі фото: thesun.co.uk/news: UGC

Борис Джонсонның COVID-19-ды жұқтырғаны туралы 27 наурызда белгілі болды.

Оны коронавирусқа талдау жасау үшін ауруханаға әкетті.

Джонсонның COVID-19-қа тапсырған талдауының оң нәтиже көрсеткеніне 10 күн өтті.

Премьер-министрдің ресми өкілі коронавирус диагнозы қойылған Джонсонның денсаулық жағдайының жақсармағанын айтты. Ода жөтел мен жоғарғы дене қызуы бар.

Дәрігердің ұсынысы бойынша олар ауруханаға жеткізілді. Сонымен бірге Даунинг-стрит Джонсон үкіметті басқаруды жалғастырып, министрлер кабинетімен байланыста екендігіне сендірді.

Еске сала кетсек, Англияда коронавирустық инфекциямен жансақтау бөлімінде жатқан науқас әлем халқына үндеу жасаған еді.

Ер адам көпшіліктен сақтық шараларын барынша ұстап, ет жақындарының өмірін қатерге тікпеулерін өтінген болатын.

Сондай-ақ, АҚШ-та коронавирус жұқтырған медбикенің халыққа үндеу жасағанын хабарлаған едік. Оның айтуынша, вирус оған оқ жарақатынан да ауыр тиген. Ол тыныс алған сайын азаптанатынын сөз етті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1849162-koronavirus-zktyrgan-lybritania-premer-ministri-auruhanaga-zatkyzyldy/

pixel