Коронавирус: Карантин жарияламаған Жапонияның қазіргі жағдайы қалай
Опубликовано:
Коронавирус індеті қазіргі уақытта әлем халқының "бас ауыртарлық" мәселесіне айналды. Аталған дертті тоқтату мақсатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы біршама маңызды шараларды қабылдағанын білеміз. Осыған байланысты көптеген мемлекеттер төтенше жағдай енгізіп, шекараларын жауып, әуе, көлік, темір жол қатынастарын тоқтатып қойған. Ал Жапония коронавирус пандемиясының өршуіне қарамай елде карантин жарияламаған мемлекеттің бірі болып табылады. Осы орайда KAZ.NUR.KZ порталы "күн шығыс елінің" індетпен күресу үшін қандай шараларды жүзеге асырып жатқанына тоқталуды жөн көрді.

Жапонияда төтенше жағдай жарияланғанымен, қатаң карантин шаралары енгізілмеген.
Күн шығыс елінде қоғамдық көлік жұмысын жалғастыра бермек. Жалпы азаматтардың қозғалысына белгілі бір шектеу жоқ.
Жапония премьер министрі Синдзо Абэ бұл туралы пікір білдірген.
"Барлығы сіздердің әрекеттеріңізге байланысты болады", - деген ол ел тұрғындарын бір бірімен араласпауға шақырды.
Жалпы, алты префектура мен ел астанасы Токиода төтенше жағдай енгізілген. Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл ел халқының шамамен 44% -ына әсер етпек.
Абе коронавирус індетін "Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең үлкен дағдарыс" деп атады. Ол экономиканы қолдау үшін бюджеттен шамамен триллион доллар (108,2 триллион иен немесе 990 миллиард доллар - Жапонияның жылдық ІЖӨ-нің 20%) бөлуді бұйырды.
Қауіпті дерттің әлемде өршуіне байланысты жазда өтуі керек болған Токио олимпиадасын ел билігі келесі жылға қалдыруға мәжбүр болды.
Осы орайда премьер министр қажеттілік туындаған жағдайда олимпиадалық нысандарды ауруханаларға айналдыруға уәде берді.
Сейсенбіде үкімет бірқатар маңызды шараларды мақұлдады.
Олардың арасында вирустан зардап шеккен отбасыға 300 мың иен (2750 доллар) көлемінде төлемдер беру қарастырылған.
Жапонияда коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 3906, олардың 92-сі қайтыс болған. Елде 592 науқас қауіпті дертті жеңіп, ауруханадан шықты.
Cоңғы деректерге сүйенсек, әлемде 1 миллион 430 мыңнан астам COVID-19 инфекциясы тіркелген.
Дүние жүзі бойынша 82 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, ал жұқтырғандардың 302 мыңға жуығы індетті жеңіп шықты.
Еске сала кетсек, елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққандар 697 адамға жетті.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1849606-koronovirus-karantin-zarialamagan-zaponiany-kazirgi-zagdajy-kalaj/