Әлемдегі ең эмоционалды сәби жайлы білесіз бе
Опубликовано:
Чикагода эмоциясын жасыруды білмейтін Даниэль Микос есімді 4 айлық сәби тұрады. Молли Микос баласының түрлі кейіптегі көңіл күйін суретке түсіріп алғанды ұнатады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Bigpicture.ru сайтына сілтеме жасап.

Моллидің айтуынша, жас сәбидің бет-әлпетінің мәнерлі қозғалысы туғанынан бастап байқалған көрінеді.

"Көңіл күйінің көрінісін түр-келбетімен түсіндіру қасиеті әкесінен дарыған болуы керек. Әкесі өте ақылды әрі көңілді адам, сондықтан баламның тұлға ретінде қалыптасуы кезінде әкесіне қарап өсуі әбден ықтимал", – дейді Молли.

Даниэльдің жасы небары 4 ай болса да, баланың қандай көңіл күйде отырғанын білу еш қиындық тудырмайды.

"Менің ойымша, ұлым өскенде бір орында отырмайтын секілді көрінеді", — деп күледі анасы.

"Баламның түрлі қылықтарымен адамдардың жүзіне күлкі үйірілтіп, көңіліне шуақ сыйлайтыным үшін бақыттымын", – деді Молли.








Айта кетейік бұған дейін әр ел дәстүрі бойынша жаңа туған баланы пәле-жаладан қалай сақтайтынын жазған болатынбыз.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1849835-lemdegi-e-emocionaldy-sbi-zajly-bilesiz-be/