Адам омыртқасынан жасалған сөмке жұртты шошытты (фото)

Опубликовано:

Индонезиялық дизайнер Арнольд Путра адамның дене мүшелерінен жасалған сөмкені сатылымға шығарып, желі қолданушыларының үрейін ұшырды деп жазады KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: instagram.com/byarnoldputra
Фото: instagram.com/byarnoldputra: Instagram

Дизайнердің Instagram парақшасында жарияланған аксессуар желі қолданушыларының шамына тиген.

Қолтырауынның тілінен тігілген сөмкенің ұстағышы баланың омыртқасынан жасалған. Мамандардың айтуынша, қолданылған материалдар түпнұсқа болып табылады. Сөмкенің бағасы – 5 мың доллар.

Ашуға булыққан желі қолданушылары дизайнерді сынға алып, оның парақшасында жаппай пікірлерін білдіре бастаған. Олар материалдың қайдан алынғанын және адамның омыртқасы қандай мақсатпен аксессуарға айналғанын сұраған.

"Жиіркенішті", "Біреу сенің терісіңнен сөмке тігеді деп үміттенемін", "Бұл сөмкені ұнатқан адамдар – психологиялық көмекке мұқтаж", – деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Сәнгердің өзі болса, адам сүйектерін лицензиясы бар компаниялардан сатып алуға болатынын жеткізді.

Осындай бір кәсіпорынның, атап айтқанда, SkullStore фирмасының егесі Бен Ловатт сөмкенің ұстағышы ретінде пайдаланылған омыртқаның медициналық немесе оқулық үлгі екенін болжады.

National Geographic мәліметіне сәйкес, адам сүйектерінің саудасы Американың бірнеше штатында, сондай-ақ Канада секілді кейбір елдерде заңды болып табылады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1850826-adam-omyrtkasynan-zasalgan-smke-zrtty-sosytty-foto/