Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлы жеңістің 75-жылдығына орай «Хабар» Агенттігі #АрдагерЕрлігі атты жобаны ұсынады

Опубликовано:

9 мамыр қарсаңында «Хабар» Агенттігі Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерліктерін еске тағы бір мәрте алуға мүмкіндік сыйлайды. Арнайы жоба аясында, кез келген адам Ұлы Отан соғысына қатысқан өзінің жақынының ерлік жолы туралы айтып бере алады.

Ұлы жеңістің 75-жылдығына орай «Хабар» агенттігі #ардагерерлігі атты жобаны ұсынады

Жобаға қатысу үшін, әлеуметтік желілерде өз отбасыңыздың тарихы мен суреттерін #ВашиПодвигиНеЗабыты, #АрдагерЕрлігі, #ХабарПомнит хештегі мен «Хабар» Агенттігін (@khabartv) белгілеуіңіз қажет. Ең жүрекжарды деген тарихи ерлік жолдар «Хабар» телеотбасының арналарының эфирінде көрсетіліп, Ұлы Жеңістің 75-жылдығына арналған бейнероликтің негізіне алынады.

«Жылдар өте, сол қанмайданның көзін көрген, тірі кәугерлердің қатары сиреп барады, бірақ ардагерлердің ерліктері қашан да біздің жадымызда. Біз батырларымызды құрмет тұтып, оларды жаһанға жария етуден жалықпаймыз. Және де оларға, бүгінгі бейбіт өміріміз бен ашық аспанымыз үшін шын жүректен алғыс білдіреміз»,-дейді ұйымдастырушылар.

Ұлы Жеңіс күні – біздің еліміздің азаматтары үшін ерекше мейрам күні. Ұлы Отан соғысы адамзат тағдырынан баса көктеп кіріп, әр отбасында ауыртпалықты арқалаған өзінің өшпес ізін қалдырып кетті.

*PR құқығында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1850841-ly-zeisti-75-zyldygyna-oraj-habar-agenttigi-ardagererligi-atty-zobany-synady/

pixel