Коронавирустың қандай температурада жойылатыны белгілі болды

Опубликовано:

Францияның Экс-Марсель университетінің ғалымдары коронавирустың жойылуына әкелетін қолайлы температураны атады. Олардың мәліметінше, вирус 90 градуста 15 минут ішінде өледі деп жаазады KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ге сілтеме жасап.

Коронавирустың қандай температурада жойылатыны белгілі болды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ғалымдар жасаған тәжірибе барысында коронавирус штаммы стерильденген және биоматериалы бар түтікке орналастырылған.

Екі сынама бір сағат ішінде 60 градусқа дейін қыздырылған.

Тәжірибеден кейін 60 градуста қыздарса да, залалсыздандырылмаған түтіктегі вирустың көбейе алатындығы белгілі болған.

Тек түтікті 15 минут 92 градусқа дейін қыздырғаннан кейін ғана вирусты толығымен жою мүмкін болған.

Зертханалардың басым бөлігінде дезинфекция материалдарды небәрі 60 градуста бір сағат қыздыру арқылы жүзеге асады.

Дегенмен ғалымдар вирус мөлшері жоғары үлгілер үшін мұның жеткіліксіз болуы мүмкін екенін айтады.

Сондықтан зерттеу нәтижелері коронавирусты жоюдың ең қолайлы әдісін таңдауға көмектеседі деген үмітте екенін жеткізді.

Наурызда Гонконг университетінің ғалымдары коронавирус белсенді бола түсетін температураны атаған еді. Ол үшін төрт градус нөлден жоғары температура қолайлы болып шыққан. Мұндай жағдайда дезинфекция жүргізілмесе, онда вирус 14 күн бойы белсенді болып қала бермек.

Естеріңізге сала кетейік, медицина ғылымдарының докторы Елена Малышева коронавирусты ең керемет вирустардың бірі деп атаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1851282-koronavirusty-kandaj-temperaturada-zojylatyny-belgili-boldy/