Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пәтерге айырбастаймын": Маскамен видео түсірген акушердің басы дауға қалды

Опубликовано:

Краснодардағы перзентхананың акушері желіге видео жариялап, өзінде бар бірнеше маска мен дезинфекциялау құралдарымен мақтанған. Дегенмен басшылық әзілді қисынды көрмей, медицина қызметкеріне өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш жазуды ұсынған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ге сілтеме жасап.

"Пәтерге айырбастаймын": Маскамен видео түсірген дәрігердің басы дауға қалды
Фото: Видеодан кадр: UGC

Желіде тараған видео кадрларынан акушердің қолындағы маскалар мен дезинфекциялау құралдарын көруге болады. Ол видеоны Instagram-дағы парақшасына салып, астына: "Краснодар оталығындағы пәтерге айырбастаймын" деген жазба қалдырған.

Дереккөздің мәліметінше, видео өзін-өзі оқшаулау режимі енгізілгенге дейін әзіл ретінде түсірілген.

Өзін-өзі оқшаулау режимінің енгізілуіне байланысты дәрігер еңбек инспекциясымен әлі байланыса алмағаны атап өтілді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласында дәрігер-травматолог аурухананың былығын айтып, видео түсірді. Медицина қызметкері жазбасында бір айға жуық пациенттерді қажетті қорғаныс құралдарынсыз қабылдауға мәжбүр болғанын, бетпердені ауыстырмастан бір күн таққанын жеткізді.

Айта кету керек, соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясы тағы 68 адамнан анықталды. Осылайша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1470-ке жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1851290-pterge-ajyrbastajmyn-maskamen-video-tsirgen-akuserdi-basy-dauga-kaldy/

pixel