Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ мемлекеттік хатшысы «Хабар» тілшілерінің сауалдарына жауап берді

Опубликовано:

Кеше АҚШ Мемлекеттік департаментінде түрлі елдердің БАҚ өкілдерінің қатысуымен Майкл Помпеоның телефон арқылы брифингі өтті.

«Хабар 24» тілшісі АҚШ Мемлекеттік хатшысына коронавирус пандемиясынан соң америкалық визаны алу тәртібі өзгере ме деген сұрақ қойды. Себебі, қазіргі уақытта Еуропа елдері Шенген визасына өтініш берушіден коронавирусқа тест тапсырғаны туралы анықтама сұрату-сұратпау жағын талқылауда. Помпео пандемиядан соң елге кіру тәртібінің өзгеруі мүмкін екендігін жоққа шығармады.

«Шекараларды ашу және қалыпты өмірге оралу барлық мемлекеттерде елге кіру-шығудың қазіргі талаптарын қайта қарауға әкеп соғады. Яғни, ол өз азаматтарының амандығын қамтамасыз ету үшін керек», - деді Мемлекеттік хатшы.

Дегенмен, АҚШ әлемде саяхаттаушылар саны мен сауда көлемі азаймайды, кемінде 2019 жылдың соңындағы көрсеткіштерге тең болатындығынан үмітті екенін аңғартты.

«Бұл өте орынды сұрақ. Көптеген елдер шекараларын жауып, әуе қатынасы тоқтаған. Өмір қайта қалыпқа келе бастағанда әр ел өз азаматын қалай қорғаған жөн деген мәселе жайлы жақсылап ойлану керек болады. Әрі қарай не істейтінімізді түсініп, елге кіру тәртібі қалай болуы керектігін шешуіміз қажет. Біз қазір бұл мәселені қарастырудамыз. Әріптестерімізбен бірге оңтайлы шешім қабылдау жолында ізденетін боламыз», - деп атап өтті қоңырау барысында АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео.

*PR құқығында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1851305-aks-memlekettik-hatsysy-habar-tilsilerini-saualdaryna-zauap-berdi/

pixel