Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүкті екенін байқамаған ару жуынатын бөлмеде босанып қалды

Опубликовано:

Австралияның Квинсленд штатының 18 жастағы тұрғыны босанғанға дейін өзінің жүкті екенін білмеген. Жуынатын бөлмеде абайсызда босанып қалған ару жұртты таңғалдырп отыр деп жазады KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ге сілтеме жасап.

Жүкті екенін байқамаған ару жуынатын бөлмеде бала босанған
Фото: 9News: UGC

15 сәуірде Амбер Смит жүрегі айнып, өзін нашар сезінген. Сол себепті бірден жуынатын бөлмеге барған.

"Душқа кірген кезде ішімнің қатты ауырғанын байқадым, сол кезде кенеттен су кетті. Мен айқайлап жібердім", - дейді ол.

Айтуынша, жігіті айқайды естіп, жүгіріп келген. Ер адам шығып келе жатқан сәбидің басын көріп, сүйіктісін дер кезінде босандырып алады.

Смит жүктілігі туралы, тіпті, күдіктенбегенін айтады.

"Бұл тоғыз ай бұрынғы айлардан ерекшеленбеді. Етекірім үнемі тұрақсыз еді, сондықтан мен айтырлықтай өзгеріс байқамадым", - дейді ол.

Бойжеткеннің сөзінше, босануға дейін ол ішінің өсіп қалғанын байқаған. Алайда мұны артық тамақтанудың салдары деп ойлапты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін осыған ұқсас жағдай Англияның Ланкшир қаласында болған еді.

Ол кезде Бэт Мартин есімді ару ай-күні жеткенге дейін өзінің жүкті екенін білмеген. Сол себепті босану бөліміне барғанша өз-өзіне біраз келе алмаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1852395-zkti-ekenin-bajkamagan-aru-zuynatyn-blmede-bosanyp-kaldy/

pixel