RU

Қытайлықтар мектеп оқушысын коронавирустан қорғайтын ерекше тәсіл ойлап тапты (фото, видео)

Қытайдың Ханчжоу қаласында ұзаққа созылған карантиннен кейін оқушылар мектепке барды. Білім мекемелірінің бірінде әкімшілік оқушыларға коронавирустан қорғану мақсатында маскалар ғана емес, ерекше бас киімдер киюді де міндеттеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ The Sun басылымына сілтеме жасап.

Коронавиурсқа қарсы шапка
Фото: AsiaWire: UGC

Оқушылар ерекше бас киімнің көмегімен бір-бірінен алшақ жүріп, қашықтықты сақтайды.

Мектеп директоры орынбасарының айтуынша, бұл - мектептің өзіндік шығармашылық идеясы.

Балалар "Ұзындығы бір метрлік бас киім киіп, қашықтықты сақта" қағидасын ұстанады. Олар бас киімдерін өз қалауы мен талғамына қарай жасай алады.

Оқу орнының ережелеріне сәйкес балалар бұл бас киімдерді үнемі киюі керек. Әкімшілік бұл коронавирустың таралуының алдын алуға көмектеседі деген сенімде.

Сондай-ақ оқушыларға бір-бірімен физикалық байланыста болуға тыйым салынған. Сонымен қатар, олардың дене қызуы үнемі тексеріліп тұрады.

"Біз оқушыларымызды басқа өзгелерден кемінде бір метр қашықтықта жүру үшін осындай бас киімдер киюге шақырамыз", - деді мектеп директоры Хон.

Мектеп басшылығы оқушылардың ата-аналарынан осындай бас киімдер жасауды өтінген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қытайда коронавирус жұқтырған тұрғындардың 93 пайызының жазылғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1853381-kytajda-mektep-okusylaryn-koronavirustan-korgajtyn-erekse-tsil-ojlap-tabyldy/