Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Велосипедке мінген маймыл кішкентай баланы алып қашпақ болды

Опубликовано:

Индонезияның Сурабая қаласында велосипедке мінген маймыл кішкентай баланы сүйреп кете жаздады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Кадрлар видеодан алынды
Кадрлар видеодан алынды: Facebook

Оқиға 2 мамырда болған. Көше әртістерімен бірге өнер көрсетіп жүрген маймыл велосипедпен адамдар отырған орындыққа келіп, кішкентай балаға тап береді. Киімінен тартып, көшемен бірнеше метрге сүйрей жөнеледі.

Абырой болғанда, кішкентай бүлдіршін қатты жарақат алмаған. Бірнеше жері сырылған оның қатты қорқып қалғаны байқалады.

Еске сала кетейік, бұған дейін өлген жыланмен "скакалка" ойнаған балақайлардың видеосы желіде тарап, жұрттың зәресін ұшырған болатын.

Ғаламторда вьетнамдық балақайлардың "скакалка" (секірмек) ойнап жатқан видеосы тарады. Бір қарағанда олардың қолындағы кәдуілгі жіп секілді көрінеді. Бірақ, шын мәнісінде олар секірмекті өлген жыланмен ойнаған.

Сондай-ақ бұған дейін қарындасын қолтырауыннан құтқарып қалған батыл жеткіншек туралы жазған болатынбыз.

Филиппиннің Палаван провинциясында қолтырауын 12 жасар қызды жеп қоя жаздады. Абырой болғанда, оның 15 жастағы ағасы батылдық танытып, қарындасын жыртқыштың аузынан аман алып қалған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1854724-velosipedke-mingen-majmyl-kiskentaj-balany-alyp-kaspak-boldy-video/

pixel