Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Австрия полициясы шектеу шарасын бұзған ел президентін байқап қойған

Опубликовано:

Австрия полициясы президент Александр Ван дер Беллен мен оның әйелі Дорис Шмидауэрді коронавирусқа байланысты шектеулерге сәйкес жабылуы керек болатын мейрамхананың жазғы террассасынан байқап қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Австрия полициясы өзін-өзі оқшаулау ережесін бұзған президентті байқап қалды
Фото: mazohlmazohl.com: UGC

Вена полициясына сілтеме жасаған Kronen Zeitung басылымының мәліметінше, қалада енгізілген ережелерге сәйкес мейрамхана бір жарым сағат бұрын жабылуы керек болған.

Енді мекеме иесі 30 мың еуро көлемінде айыппұл төлеуге міндетті. Жаза туралы шешімді Вена магистратының директоры қабылдайды.

Ал президент өз кезегінде бұл жерге қалай тап болғанын түсіндірді.

"Өзін-өзі оқшаулау режимі басталғаннан бері алғаш рет екі досыммен және әйеліммен бірге тамақтануға бардым. Әңгімелесіп отырып уақыт жайлы ұмытып кеттіппіз. Қатты өкінемін. Бұл қателік болды. Егер иесі шығынға ұшыраса, мен ол үшін жауап беремін", - деп жазды президент Twitter-дегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, карантин режимін бұзған елорда әкімі орынбасарының жары Нұрбигүл Оразованың басы дауға қалғаны туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1857254-avstria-policiasy-sekteu-sarasyn-bzgan-el-prezidentin-bajkap-kojgan/

pixel