Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал түрік сериалы соңғы үш айда 21 миллион рет қаралған

Опубликовано:

Ертұғрыл2
Фото: kinopoisk.ru

Әлемнің 25-тен астам тіліне аударылып, 70-тен аса елінде көрсетілген түрік сериалы "Ертұғрыл" соңғы 90 күн ішінде 21 миллион 200 мың рет қаралған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ТРТ сайтына сілтеме жасап.

Османлы мемлекетінің іргетасын қалаған Ертұғрыл Ғазидің өмірі мен Кайы руының күресін баяндайтын "Ертұғрыл" сериалы 71 елге сатылған.

Түсірілімі 2014 жылы басталып, бес маусым бойы көрсетілген Түркия Телерадио корпорациясының таңдаулы телехикаясының бірі 150 бөлімнен тұрады. 

Аяқталғанына бір жыл болғанына қарамастан бұл сериал YouTube және сериал көрсетілімін сатып алған елдерде әлі де тамашалануда.

Ағылшын, урду, араб тілдері секілді 25-тен аса тілге аударылған телехикая түрлі тілдерде 2 миллион 900 мың абонентке жеткен. 515 миллион рет қаралған. 

Коронавируспен күресіп жатқан әлем елдері қазіргі уақытта цифрлық платформаға бет алғандықтан тарихи телехикая соңғы 90 күнде 21 миллион 200 мың рет қаралыпты. 

Ал танымал телехикая Пәкістан премьер-министрі Имран Ханның нұсқауымен елде рамазан айының бірінші күнінен бастап қайта көрсетіліп жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Instagram желісінде кеңінен танымал диетолог, үш баланың анасы Нұрила Азизқызы карантин кезінде артық салмақ қосып алғандарды сынға алған еді. Оның айтуынша, карантинді тек қана сериал көріп, тамақ жеп, ұйықтап өткізу дұрыс емес.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1857274-tanymal-trik-hikaasy-s-ajda-21-million-ret-karalgan/

pixel