RU

Жер сілкінісі кезінде тікелей эфирде сұқбат берген саясаткер жұртты таңғалдырды

Вашингтонда Жаңа Зеландия премьер-министрі Джакинда Ардерн тікелей эфирде сұқбат беріп жатқан кезде 5,8 баллдық жер сілкінісі болды. Саясаткер камера мен айналасындағы заттардың қозғалып тұрғанына қарамастан өзін еркін ұстап, сұқбатты жалғастырды деп жазады KAZ.NUR.KZ The Mirror басылымына сілтеме жасап.

Жер сілкінісі кезінде тікелей эфирде сұқбат берген саясаткер жұртты таңғалдырды
Фото: Видеодан кадр: UGC

Жаңа Зеландия премьер-министрі Джакинда Ардерн жер сілкінісі кезінде сабырлық сақтап, сұқбатты емін-еркін жалғастырды. Саясаткердің мұндай іс-әрекеті тек жүргізушіні ғана емес, барша көрерменді таңғалдырды.

"Бізде кішігірім жер сілкінісі болып жатыр, Райан. Артымдағы заттардың қалай қозғалып жатқанын көрген боларсың", - деді ол күлімсіреп.

Бұл оқиға премьер-министрдің танымалдылығын одан әрі арттырды. Саясаткер өткен жылы Жаңа Зеландияның оңтүстігінде болған жаппай атыс, желтоқсандағы жанартау атқылауы және жақында болған коронавирус пандемиясы секілді қиындықтарды жеңгеннен кейін көпшіліктің назарын өзіне аударып үлгерді.

Естеріңізге сала кетейік, әйелі жүргізіп отырған тікелей эфирге баса көктеп "кірген" актердің желіні шулатқаны туралы жазған едік.

Ол жаңалықтар көріп отырып, тікелей эфирдің оның үйінің маңында түсіріліп жатқанын байқаған. Уақытты құр жоғалтпауды шешкен актер бірден аулаға шығып, жаңалықтарға қатысуды жөн көрген. Ол осы уақытта барлық іс-әрекетін камераға түсіріп отырған.

Аталған видео желіде 2 млн рет қаралды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1857310-zer-silkinisi-kezinde-tikelej-efirde-skbat-bergen-saasatker-zrtty-tagaldyrdy/