Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тікелей эфирде жүргізушіге шабуылдаған маймыл желіні шулатты

Опубликовано:

Мысырлық тележүргізуші Лобна Асаль тікелей эфирде маймылдың шабуылына тап болды. Жануардан шошыған әйел студиядан басын ала қашуға мәжбүр болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Известия басылымына сілтеме жасап.

Маймыл тікелей эфирде жүргізушіні шабуылдады
Фото: Видеодан кадр: UGC

Асаль өзінің әріптесі Хуссам Хаддадпен бірге Al Hayat телеарнасында мысырлық актер Ибрахим Эль-Самманмен сұхбат жүргізіп жатқан.

Әртіс түсірілім алаңына теледидарлық жобада өзінің серігі болған маймылмен бірге келген.

Әріптесі Эль-Самманмен әңгіме өрбітіп жатқан уақытта Асаль маймылды қолына алып, шылбырынан ұстап тұрған. Алайда жануар күтпеген жерден жүргізушінің өзіне шабуыл жасады.

Асаль бірден айқайлап, маймылдан құтылуға тырысты. Жануарға тойтарыс бере алмаған тележүргізуші лезде студиядан шығып кетті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін үйінен тікелей эфирге шыққан журналисттің әкесінің "арқасында" танымал болғаны туралы жазған едік.

SNN арнасының журналисі Джессика Ланг Twitter-ге басынан өткен қызықты жағдай туралы жазды. Ол жаңалық жүргізіп тұрған жерінде тікелей эфирден жартылай жалаңаш жүрген әкесінің көрініп қалғаны бейнеленген видеоны жүктеп, жұрттың ішек-сілесін қатырды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1857686-tikelej-efirde-zrgizusige-sabuyldagan-majmyl-zelini-sulatty/

pixel