RU

Дәрігер шаштаразда коронавирустан қалай қорғануға болатынын айтты

Жоғары санатты дәрігер Лариса Алексеева шаштаразға барғанда инфекция жұқтырып алмаудың жолдарын айтты. Оның сөзінше, ең алдымен маман келушінің бет терісіне тиіспеуі керек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ riafan.ru-ге сілтеме жасап.

Дәрігер шаштаразда коронавирусты қалай жұқтырып алмауға болатынын айтты
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ол адамның бетіне байланысты барлық процедураларға толығымен тыйым салынатынын атап өтті. Клиент те, шаштараз да маска киюі керек.

Бұл дегеніміз, ер адамдар шаштаразға барып, сақалына және мұртына күтім жасай алмайды, ал әйелдер ылғалдандыратын маскалар, пиллинг және инъекциялардан бас тартуға мәжбүр болады.

Алексеева шаштараз бен клиенттің арасында тығыз байланыс сақталған уақытта вирус жұқтыру қаупінің басым болатыны атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін сарапшы маманның көп рет пайдалануға болатын маска тағуға кеңес бергені туралы жазған едік.

Сарапшылар медициналық маскаларды өңдеудің қиындығына назар аударып, адамдарға бірнеше рет қолдануға болатын маска киюге кеңес берді. Мәселен, айына бір реттік 70 масканың орнына жуып қайта қолдана беруге болтын екі масканы ғана қолдануға болады.

Сондай-ақ, айта кетейік, 4 мамырдан бастап Алматы және басқа да қалаларда шаштараздар ашыла бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1857813-driger-sastarazda-koronavirusty-kalaj-zktyryp-almauga-bolatynyn-ajtty/