RU

Ота кезінде ас әзірлеген 60 жастағы әжей әлемді таңғалдырды (фото)

Италияның Абруццо қаласында дәрігерлер 60 жастағы әжейдің миына ота жасау кезінде одан ұлттық тамақты әзірлеп беруді сұрады. Олар пациенттің жағдайын бақылау үшін осындай тәсілді қолдануды жөн көрген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

60 жастағы әжей ота кезінде ас әзірлеген
Фото: Ansa: UGC

Есімі жасырын болып қалған 60 жастағы италиялық әжейдің миына жақында ота жасалған. Дәрігерлер оның сол жақ самайлық бөлігінен ісікті алып тастаған.

Мидың бұл бөлігі сөйлеу үшін, сондай-ақ дененің оң жақ жартысының қозғалысына жауап береді.

Сондықтан мамандар әжейдің өзін қалай сезінетінін үнемі қадағалап отыруы керек. Сол себепті әжей ота кезінде тамақ әзірлеуді жөн көріпті

Отаның алғашқы сағатында әжей асколан дәстүрі бойынша 90 зәйтүнді әзірлеген. Жасыл зәйтүндер алдымен тартылған етпен толтырылған, содан кейін жұмыртқа, крекер және ұнтаққа малынып қуырылған.

Хирург Роберто Тригнанидің айтуынша, бәрі ойдағыдай өтті, ал ота кезіндегі ас дайындау процессі оған мүлде ыңғайсыздық тудырмаған.

"Бұл әдіс пациенттің жағдайын бақылауға және қажет болған жағдайда әрекеттерімізді тез арада түзетуге мүмкіндік береді", - дейді Роберто Тригнани.

Естеріңізге сала кетейік, қатерлі ісікке шалдыққан науқастың ота кезінде дәрігерлерге скрипкада ойнап бергенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1859948-ota-kezinde-as-zirlegen-60-zastagy-zej-lemdi-tagaldyrdy-foto/