Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бразилияда бойжеткен өзінің жүкті екенін босанарда бір-ақ білген

Опубликовано:

Бразилияның Мату-Гросу штаты Касерис қаласының тұрғыны өзінің жүкті екенін босанар сәтте бір-ақ білген. Бойжеткеннің таң қаларлық оқиғасы жайлы KAZ.NUR.KZ Life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бразилияда бойжеткен өзінің жүкті екенін босанарда бір-ақ білген
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

20 жастағы студент Айми Алмейда жігітімен айырылысқан соң күйзеліске түскен. Ол спортзалға баруды доғарып, тез дайындалатын тағамдарды, бургерлер мен кеспелермен тамтақтанған. Бойжеткен артық салмақ қостым деп есептеген, ал жүктілік туралы мүлде ойламаған.

Бірнеше айдан кейін ол өзін нашар сезініп, қысымы көтерілген соң дәрігерге жүгінеді. Алайда ақ халатты мұны қыздың эмоциялық уайымға байланысты деп шешеді.

Одан кейін Айми аяғы ісіген соң қайта ауруханаға барады. Бұл жолы медицина қызметкері оның бүйрегінде мәселе бар деген тұжырымға келеді.

Соңғы оқу күнінде бойжеткен қатты ауырып, үйіне қайтады. Ол жуыну бөлмесінен шыққан соң жатын бөлмеге де жете алмай қалады. Осылайша, телефон арқылы көмек сұрауға бекінеді.

Осылайша, ол өзінің толғағы ұстағанын баласы дүниеге келгенде бір-ақ біледі.

"Менің таң қалатын уақытым болмады. Ойыма жедел жәрдем қызметін шақыру да келмеді. Мен тек баланың жағдайы жақсы болса екен деп ойладым" ,- дейді Айми.

Айта кетейік, Австралияның Квинсленд штатының 18 жастағы тұрғыны да босанғанға дейін өзінің жүкті екенін білмеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1859972-braziliada-bojzetken-zini-zkti-ekenin-bosanarda-bir-ak-bilgen/

pixel