RU

Британиялық азамат 16 жыл көрмеген "қалыңдығын" желінің көмегімен тауып алды

Британиялық Джек Каллоу есімді студент әлеуметтік желілердің көмегімен өзінің 16 жыл бойы көрмеген қалыңдығын тауып алды. Енді оқырмандар бойжеткен мен жігіттің қайта қосылуын қалауда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Жігіт 16 жыл көрмеген қалыңдығын желінің көмегімен тауып алды
Фото: twitter.com/renajutla: UGC

Заң факультетінің студенті бірнеше апта бұрын Twitter парақшасында балабақшада түсірілген фотоларды жариялады. Суретте кішкентай балақайдың театр қойылымы кезінде ұйымдастырылған тойы бейнеленген еді. Джек күйеу жігіттің рөлін сомдаған, ал жанындағы құрбысы қалыңдық болып ойнаған.

Жігіт 16 жыл көрмеген қалыңдығын желінің көмегімен тауып алды
Фото: twitter.com/Jxck_C: UGC

Ол 2004 жыл болатын, ал балақайдың жасы небәрі 4-те еді.

"Иә, мен балабақшада "үйлендім" және өзімнің "әйелімді" 16 жыл көрмедім", - деп желіде жазба қалдырды Джек Каллоу.
Жігіт 16 жыл көрмеген қалыңдығын желінің көмегімен тауып алды
Фото: twitter.com/Jxck_C: UGC

Жігіттің жазбасы желіде лезде тарап, көптің назарын аударған.

Оқырмандарға Джектің жазбасы ұнағаны сонша, 40 мың адам онымен өз парақшасында бөлісуді жөн көріпті. Дүйім жұрт тіпті, "ерлі-зайыптылардың" жүздескенін қалаған.

Жігіт 16 жыл көрмеген қалыңдығын желінің көмегімен тауып алды
Фото: twitter.com/Jxck_C: UGC

Осылайша Джектің жазбасы қалыңдықтың өзіне де жеткен. Ол желідегі парақшасында жеке мұрағаттағы суретпен бөлісіп: "Барлығы біз бала болғанда басталды, ал сен ол кезде мендік едің", - деп жазды бойжеткен.

Желідегілер "ерлі-зайыптылардың" бірін-бірі тапқанын түсінгенде ерекше қуанған. Олар тіпті, бойжеткен мен жігіттің жұп болғандарын қалайтынын жасырмады.

Жігіт 16 жыл көрмеген қалыңдығын желінің көмегімен тауып алды
Фото: twitter.com/Jxck_C: UGC

Естеріңізге сала кетейік, Қытайда эвакуация кезінде бір-бірін ұнатып қалған қос ғашықтың кездесе алмай жүргені туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1860826-zigit-16-zyl-krmegen-kalydygyn-zelini-kmegimen-tauyp-aldy/