RU

Ерлі-зайыптылар ескі "лашықты" соңғы үлгідегі сәнді баспанаға айналдырды

Америкалық Софи-Клэр Хеллер мен Тим есімді ерлі-зайыптылар бір жыл бұрын Нью-Йорктің Хэмптон ауданынан апатты жағдайда тұрған үйді сатып алды. Ал тоғыз айдан кейін қос ғшық баспананы адам танымастай етіп өзгерткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ге сілтеме жасап.

Ерлі-зайыптылар ескі "лашықты" соңғы үлгідегі сәнді баспанаға айналдырды
Фото: instagram.com/thesurfcabin: UGC

Ерлі-зайыптылар әрқашан болашақ үйлерін қолдан жасалған құралдармен толтыруды армандаған. Сол себепті баспана сатып алуға қыруар қаржы жұмсаған олар үйдің ішін өз күштерімен жөндеп шығыпты.

Олар YouTube желісінде түрлі видеолар көріп, үйді түбегейлі өзгертуге кірісті. Алайда қабырғаларды сындыру үшін қос ғашық арнайы маманның көмегіне жүгініпті.

"Үйді сатып алғаннан кейін тоғыз ай бойы күн сайын осы жерден шықпай, жөндеу жұмыстарын жасадық. Сол кезде басымыздан өткеннің бәрін Instagram парақшамызға салып жүрдік", - деді олар.

Нәтижесінде, тоғыз айдан кейін ескі үй соңғы үлгідегі сәнді баспанаға айналып шықты. Пәтердің іші толықтай, адам танымастай өзгерген.

Естеріңізге сала кетейік, ескі вагонды жайлы баспанаға айналдырған өнерлі жұптың көпті таңғалдырғаны туралы жазған едік.

Өнерлі қос-ғашықтың басты мақсаты вагонның өзіндік түсін сақтап қалу еді. Олар баспаналарын өткен ғасырдың 40-жылдарындағы стильге сай безендірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1861578-erli-zajyptylar-eski-lasykty-sogy-lgidegi-sndi-baspanaga-ajnaldyrdy/