Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Перуде сауда орталықтарында 40 минуттан артық жүруге тыйым салынды

Опубликовано:

Перуде үш айдан астам уақыттан кейін ірі сауда орталықтары қайта ашылды. Алайда онда келген әрбір адамға қырық минуттан артық жүруге болмайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Фото: Хабар24
Фото: Хабар24: Instagram

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, індеттің қайта таралуын болдырмас үшін ең алдымен санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс.

Жергілікті тұрғындар сауда орнына кірмес бұрын дене қызуын тексертіп, қолдары мен аяқ киімдерін залалсыздандыруы керек екен.

Сонымен қатар ғимарат ішінде 40 минуттан артық жүруге тыйым салынады.

Айта кетейік, Перуде тоқсаннан астам ірі сауда орталығы бар. Олардың 60 пайызы ел астанасы Лимада орналасқан.

Еске сала кетсек, осыған дейін Өзбекстанға қыдырып келіп, COVID-19 инфекциясын жұқтырған шетел азаматтарына 3 мың доллар өтемақы төлейтінін жазған болатынбыз. Тиісті жарлыққа ел президенті қол қойды.

Мирзияев қол қойған құжат "Uzbekistan. Safe travel guaranteed" ("Өзбекстан. Қауіпсіз саяхатқа кепілдік беріледі") деп аталады.

Елде шетелдік туристердің денсаулығын қамтамасыз ету аясында Қауіпсіз туризм қоры құрылмақ. Оған Дағдарысқа қарсы қордан 20 млрд сум (2 млн доллар) бөлінеді.

Денсаулық сақтау инновациясы ұлттық палатасының төрағасы Равшан Изамовтың сөзінше, жергілікті және шетелдік туристер қауіпсіз аймақта жүргеніне сенімді болуы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1861865-perude-sauda-ortalyktarynda-40-minuttan-artyk-zruge-tyjym-salyndy/

pixel