Баланы бассейнге лақтырған жаттықтырушы желідегілерді шошытты
Опубликовано:
Американың Колорадо штатында 18 жастағы жаттықтырушы Джиллиан Армстронгтің сегіз айлық сәбиді бассейнге лақтырғаны бейнеленген видео желідегілердің үрейін ұшырды. Алайда кейінірек Джиллиан өз әрекетін түсіндіріп берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

TikTok желісінде пайда болған бассейіндегі видео небәрі төрт күнде 5,5 миллионнан астам лүпіл мен 129 мың пікір жинаған.
Кадрдан жаттықтырушының нәрестені бассейнге лақтырып жіберген сәтін анық байқауға болады. Бұл видеоны көрген желі қолданушылары жаттықтырушының ісін ерсі деп санаған.
"Жаттықтырушының ісі дұрыс емес", "Бала жүзіп жатқан жоқ, өмір үшін күресіп жатыр", "Бойжеткеннің қылығын кісі өліміне оқталу деуге болады", - деп жарыса жазды олар.
Оқырмандарының видеоны негативті қабылдағанын байқаған Джиллиан мән-жайды өз түсіндіріп берді.
Айтуынша, балалар суға абайсызда құлап кетсе де, мектепте оларды топтасып, жүзуге арнайы үйретеді екен.
Осылайша, ересектердің олар суға батқан жағдайда құтқарып қалуға көбірек уақыты болады екен.
Сондай-ақ, Джиллиан видеодағы бүлдіршіннің бірнеше айдан бері жаттығып келе жатқанын атап өтті.
Ал сәбидің анасы әрі видео авторы Криста Мейер мектеп жаттықтырушыларына сенетінін алға тартты.
"Бұл қабілет бірдеңе бола қойған жағдайда балаларыма аман қалуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті ол.
Мейер тұңғыш ұлын бір жасында, ал екіншісін алты айлығында жүзу мектебіне берген.
Кенже ұлы алғашқы сәттерден бастап нәтиже көрсете бастаған. Джиллиан суда жаттығуды бастау үшін алты айдың қолайлы уақыт екенін айтады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1862240-balany-bassejnge-laktyrgan-zattyktyrusy-zelidegilerdi-sosytty/