RU

Робот алғашқы рет фильмде басты рөлді сомдайды

Хироси Исигуро мен Кохей Огава жасап шығарған Эрика есімді жасанды интеллекті бар жапондық робот "b" атты ғылыми-фантастикалық фильмінде басты рөлді сомдайды. Бұл кино әлемінде бұрын-соңды болмаған жағдай деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Робот алғашқы рет фильмде басты рөлді сомдайды
Фото: Inventions World: UGC

Басылымның хабарлауынша, таспаның мазмұны бойынша адам ДНҚ-ның бірегей молекуласын құрап шығаруға тырысқан ғалым туралы баяндалады.

Бір мезетте ғалым өз мансабының пайдасынан гөрі зияны көп екенін түсінеді. Басты кейіпкер өзі жасап шығарған Эрикаға зертханадан қашып кетуге көмектеседі (авторлар роботтың генетикалық тәжірибелермен қалай байланысатынын нақты айтпады).

"Өзінің өмірлік тәжірибесін ойынмен байланыстыратын нақты актерлерден Эриканың басты айырмашылығы – ол жаңадан жасап шығарылған. Біз оны кейіпкер ретінде дамыту үшін оның қимылдары мен эмоцияларын жеке-жеке сессиямен модельдеуге тура келді", – деп түсіндірді продюсер Сэм Хозе.

Бұл фильмді кім түсіретіні әлі белгісіз. Режиссер әлі таңдалған жоқ. Фильмнің бюджеті 70 миллион долларды құрайтыны, ал түсірілім Еуропада 2021 жылы басталатыны белгілі болды.

Еске салсақ, Үндістанның ғарыштық зерттеу ұйымы ғалымдары әйел роботты ғарышқа ұшыруды ұсынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1862260-robot-algasky-ret-filmde-basty-rldi-somdajdy/