Бала күнінен шашын қимаған әйел ұзын бұрымымен мақтанды
Опубликовано:
Польшадан шыққан 34 жастағы Малгожата Кульчик жұрт арасында ұзын шашымен танымал. Қазіргі таңда Лондонда білім алып жатқан ол қолаң шаштың құпиясымен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ Life.ru-ге сілтеме жасап.

Малгожата шашын ешқашан қимаған. Ол тіпті, шашының ұшын бес жыл бұрын қидырған. Қазіргі уақытта бұрымды сұлудың шашы 158 см.
Daily Mail басылымының мәліметінше, Малгожатаның шашы көптің назарын өзіне аударып, оны танымал еткен.
Айта кету керек, Малгожатаның әріптесі ұзақ уақыт бойы оны шашын қиюға үгіттеген, алайда көп ұзамай өзі де шашын өсіре бастаған.
Ал ерлер қауымы Малгожатаның ұзын шашын көргенде тамсана қарайтын көрінеді.
"Ер азаматтар мұндай шаштың шын өмірде бар екеніне әзер сенеді. Олардың сөзінше, бұрымды қыз-келіншектер нәзік әрі сұлу болып келеді. Кейбіреулер шашымның арқасында маған ғашық болып жатады", - дейді ол.
Малгожата басын аптасына үш рет жуып, күнде әртүрлі шаш үлгісін жасап жүреді.
Малгожатаның айтуынша, оның шашы табиғатынан сары түсті. Алайда ол душқа түспес бұрын құрамында түрлі майлары бар арнайы сарысуды шашына жарты сағатқа жағып қояды екен. Бұл шашына қызғылт түсті реңк беретін көрінеді.
Малгожата шашын өсіргісі келетін қыз-келіншектерге сабырлық танытып, шашқа жақсы күтім жасау қажеттігін айтады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жаңаөзендік келіншектің тобығынан түсетін ұзын шашымен көпті таңғалдырғаны туралы жазған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1862604-bala-kninen-sasyn-kimagan-jel-zyn-brymymen-maktandy/