RU

Италиялық кондитер ғажайып тәттілерімен әлемді таңғалдыруда

Италиялық кондитер Маттео Штучи ерекше тәттілер түрін ұсынады. Ол тағамның дәміне ғана емес, сонымен қатар безендірілуіне де аса назар аударады. Оның қолынан шыққан өнер туындылары әлем жұртшылығын тамсандыруда деп жазады KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru-ке сілтеме жасап.

Италиялық кондитер ғажайып тәттілерімен әлемді таңғалдыруда
Фото: instagram.com/idolcidigulliver: UGC

Кондитер Маттео Стукки Италияның Монца қаласында тұрады.

Аспазшының жұмысына қарап, оның күш-жігері мен төзімділігін аса жоғары бағалауға болатынын атап өткен жөн. Себебі Маттео әрбір тәттіге бар өнерін салады.

Оның туындыларында кез келген ұсақ элементтің өзі жіті ойластырылған. Ол тәттілерін кішкентай адамдардың мүсінімен безендіргенді ұнатады.

Маттеоның қолынан шыққан тәттілер көпшіліктің назарынан тыс қалған жоқ. Оның Instagram-дағы парақшасында оқырмандар саны күн санап өсуде. Қазіргі таңда кондитердің туындыларын желіде 250 мыңға жуық адам бақылап отырады.

Желі қолданушылары Маттеоның қолынан шыққан әрбір тәттіні жоғары бағалап, парақшасында жағымды пікірлерін қалдырып отырады.

"Неткер ұшқырлық", "Сен кереметсің", "Тамаша жұмыс, бәрекелді", "Ғажайып, мен мұндайды бірінші рет көріп тұрмын", - деп жарыса жазды олар.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін кофенің бетіне ғажайып сурет салатын кореялық бариста жайлы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1865032-italialyk-konditer-gazajyp-tttilerimen-lemdi-tagaldyruda/