Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерлі-зайыптылар үйленер алдында 15 жыл бұрын танысқандарын білген

Опубликовано:

Лондоннан шыққан Хайди мен Эд Савитт 2011 жылы университетте танысып, үйленуге шешім қабылдаған. Бір қызығы олар үйлену тойының алдында бала күнінде танысқандарын білген деп жазад KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru-ке сілтеме жасап.

Ерлі-зайыптылар үйленер алдында 15 жыл бұрын танысқандарын білген
Фото: The Sun: UGC

Хайди мен Эд өздерін жоғарғы оқу орнында танысқанбыз деп ойлаған. Эд алғашқы оқу күні Хайдиден кептіргішті қалай іске қосу керек екенін сұраған.

Қос ғашық бірін-бірі ұнатып, көп ұзамай олар кездесе бастаған. Сол күннен бері ғашықтардың жұбы бір күнге де ажырамаған.

Ерлі-зайыптылар үйленер алдында 15 жыл бұрын танысқандарын білген
Фото: The Sun: UGC

Той күні жақындағанда Хайдидің анасы Кей Паркер 1997 жылы отбасымен Түркияда демалғанын айтқан. Ол сөз арасында демалыста Хайдидің Эд есімді баламен танысқанын, оладың бірге ойнап, уақыт өткізгендерін айтып қалады.

Бұл әңгімеден кейін екі апта өткен соң Хайдидің анасы шатырдан отбасылық альбомды тауып алады. Онда Хайди мен Эдтің бірге түскен суреті болған.

"Анам суретті маған жіберген кезде қатты таңғалдым", - дейді Хайди.

Бойжеткен болашақ күйеуіне суретті түсіріп жіберген. Ал оның отбасы өз мұрағаттарын тексеріп, болашақ келіндерінің бала күнгі суреттерін тауып алады.

Өз кезегінде Хайди мен Эд мұндай кездейсоқ жайтқа қатты таңғалған. Олар жоғарғы оқу орнына түскен жылы неліктен бірін-бірі танымай қалғанына да таңданған.

Енді жұбайлар бала күні танысқан курортқа бал айына баруды жоспарлап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 17 жасында 51 жастағы әйелді жар етіп алған жігіттің жайлы жаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1865945-erli-zajyptylar-jlener-aldynda-15-zyl-bryn-tanyskandaryn-bilgen/

pixel