RU

Анасы мен қызы төрт күн бойы лифтіде қамалып қалған

Қытайдың Шэньси провинциясындағы Сиань қаласында екі зейнеткер жер үйдің лифтінде төрт күн бойы қамалып қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Егде жастағы екі әйел жабық лифтіде 4 күн жатқан
Фото: Видеодан кадр: UGC

Белгілі болғандай 82 жастағы қытайлық әйел адам мен оның 64 жастағы қызы үйде ешкім жоқ кезде яғни отбасы мүшелері сапарда болғанда лифтіні пайдаланады.

Кенеттен ол бұзылып, әйелдер қабаттар арасында кабинада тұрып қалады. Ұялы телефондары болмағандықтан қарт кісілер ешкімге хабарласып, көмек сұрай алмайды.

Осылайша олар шамамен 96 сағат бойы лифтіде қамалып отырған.

Бір уақытта анасы қызының иығына көтеріліп, лифтідегі шамды сындырып, одан сымды шығарды. Сөйтіп оның көмегімен қария лифтінің есіктерін сәл ашады. Соның арқасында зейнеткерлер кезек-кезек таза ауамен дем ала бастайды.

Төртінші күні олар есікті ақыры кеңірек ашып, қарт кісінің қызы сыртқа шығып, елді көмекке шақырды.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар лифттен зейнеткерді алып шығады.

Әйел адамдар ауруханаға жеткізіліп, бірнеше күннен кейін олар үйлеріне жіберілген. Олар толықтай өз-өздеріне келген.

Анасы мен қызын емдеген дәрігер И олардың зәрдің арқасында тірі қалғанын атап өтті.

"Несеп негізінен судан тұрады. Оның құрамында токсиндер болса да, ол ағзаны уақытша демей алады", - дейді дәрігер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1866172-anasy-men-kyzy-trt-kn-bojy-liftide-kamalyp-kalgan/