Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әуедегі пентхаус: Бір сағатқа жалға алу 25 мың доллар тұратын ұшақ жайлы не білеміз

Опубликовано:

Әлемдегі қымбат ұшақтардың бірі VVIP B787 Dream Jet-пен ұшу кез келген адамның арманы. Жеке жатын бөлмесі, ас үйі бар әуе кемесін бір сағатқа жалға алу 25 мың доллар тұрады. Бір қарағанда пентхаусты еске түсіретін зәулім ұшақ жұртшылық назарын өзіне аударуда деп жазады KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru-ға сілтеме жасап.

Әуедегі пентхаус: Бір сағаты 25 мың доллар тұратын ұшақ жайлы не білесіз
Фото: Swns.com: UGC

Әдеттегі Boeing 787 бортына 240-тан 335 жолаушыға дейін сыйады. Алайда талай жанның арманына айналған VVIP белгісі бар Boeing 787 небәрі 30 адамға есептелген. Оған қоса әуе кемесі чартерлік рейстермен ұшпайды.

Әуедегі пентхаус: Бір сағаты 25 мың доллар тұратын ұшақ жайлы не білесіз
Фото: Swns.com: UGC

VVIP B787 Dream Jet-ті бір сағат жалға алу 25 мың доллар.

Бұл ұшақты элиталық пентхауспен оңай шатастыруға болады. Көпшілік тіпті, АҚШ президентінің ұшағы VVIP B787 Dream Jet-тің жанында түкке тұрғысыз екенін айтады.

Әуедегі пентхаус: Бір сағаты 25 мың доллар тұратын ұшақ жайлы не білесіз
Фото: Swns.com: UGC

Әуе кемесінің аумағы 700 шаршы метрден асады. Жолаушылар үшін арнайы мәжіліс залы, сегіз жеке жатын бөлме, бірнеше ванна бөлмесі және асхана қарастырылған. Олардың құрылысына ең сапалы материалдар пайдаланылған.

Әуедегі пентхаус: Бір сағаты 25 мың доллар тұратын ұшақ жайлы не білесіз
Фото: Swns.com: UGC

Мысалы, дәретханалардың барлығы мәрмәрмен безендірілген, еденде қолдан тігілген кілемдер жатады, ал үстелдер қатты еменнен жасалған. Терезелер қарапайым ұшақтарға қарағанда едәуір үлкен, сондықтан қонақтар үшін сырттағы көріністі тамашалау ыңғайылы. Ал экипаж мүшелері дизайнерлік киіммен жүреді.

Әуедегі пентхаус: Бір сағаты 25 мың доллар тұратын ұшақ жайлы не білесіз
Фото: Swns.com: UGC

Дизайнерлер жолаушылардың қауіпсіздігін бірінші орынға қойған. Сол себепті ұшақта өткір заттар жоқ. Әр бөлікте жеке дыбыс жүйесі қойылған.

Әуедегі пентхаус: Бір сағаты 25 мың доллар тұратын ұшақ жайлы не білесіз
Фото: Swns.com: UGC

Dream Jet еш жерде аялдамай-ақ 15 мың шақырымды ұшып өте алады. Клиент әлемнің кез келген жеріне баруға өтініш білдіре алады. Айта кету керек, ұшақ Лондон - Бейжің және Гонконг-Лос-Анджелес бағытында жиі ұшады. Сондай-ақ, көбінесе бұл ұшақты Бора-Бора аралының әуежайынан көруге болады.

Әуедегі пентхаус: Бір сағаты 25 мың доллар тұратын ұшақ жайлы не білесіз
Фото: Swns.com: UGC

Айта кетейік, бұған дейін құны 1 млн доллар тұратын зәулім үйлер жайлы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1866189-uedegi-penthaus-bir-sagatka-zalga-alu-25-my-dollar-tratyn-sak-zajly-ne-bilemiz/

pixel