RU

Өзінің жер учаскесімен бірге қарындасын сатылымға қойған ер адам таңғалдырды

Индонезияның Арис Софиянто есімді тұрғыны өз жерімен қоса қарындасын сатылымға қойып, желі қолданушыларын таңғалдырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Өзінің жер учаскесімен бірге қарындасын сатылымға қойған ер адам таңғалдырды
Фото: Facebook: UGC

Арис Facebook парақшасында жер учаскесімен қатар қарындасын да "сататынын" мәлімдеген.

"Бұл Гондангманизде сатылатын 72 шаршы метр жер учаскесі. Оған бес метрлік төселген жол кіреді. Бағасы 100 миллион рупий", - деді ер адам өз хабарламасында.

Ол сондай-ақ, жерді сатып алуға үмітті адамдар оның көңілінен шыға алса, қарындасын қосымша беретінін жазған.

Арис өз хабарламасында қарындасының фотосуретін көрсетті.

Осының арқасында жазба желіге лезде тарап кетті. Көп ұзамай журналистер ер адамды тауып алды.

Ол расымен де қарындасына екінші жартысын табуға көмектескісі келетінін айтты.

Айтуынша, арудың махаббаттан мүлде көңілі қалған екен. Дьюи есімді бойжеткен ағасының көмегімен бүгінде бірнеше жігіттің оны кездесуге шақырғанын сөз етті.

Естеріңізге сала кетейік, ағайынды жігіттермен бас қосқан апалы-сіңлілі қыздар "абысын" атанғанын жазған едік.

Олар бауырлас Бен мен Брайан Минтер есімді жігіттерге тұрмысқа шыққан.

Бір үйге келін болған нәзікжандылардың балалары да бір-біріне бөле әрі немере сіңлі болып есептеледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1867172-zini-zer-ucaskesimen-birge-karyndasyn-satylymga-kojgan-er-adam-tagaldyrdy/