RU

Ғалымдар коронавирус кезіндегі күшті иммундық реакция туралы айтты

АҚШ-тың Сан-Франциско университетінің ғалымдары коронавирустың күшті иммундық реакция тудыратынын және оның өз кезегінде инфекциямен күреске кедергі келтіретінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ғалымдар коронавирус кезіндегі күшті иммундық реакция туралы айтты
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Сарапшылардың айтуынша, адам вирусты жұқтырғаннан кейін оның ағзасы бірнеше минут өткен соң-ақ вируспен күресе бастайды. Алайда тым белсенді күрес аурудың асқынуына алып келеді екен.

Сонымен қатар, зерттеу барысында коронавирус жұқтырған кезде адамның иммундық жүйесі ағзаға тұмау вирусы енген кездегідей әрекет етпейтіні анықталған.

Сонымен қатар, ғалымдар коронавирус адамның тыныс алу жүйесінің жасушаларына ғана емес, сонымен қатар басқа ағза мүшелеріне әсер етуі мүмкін деген қорытындыға келген.

Мамандардың айтуынша, вирус тыныс алу жолдары арқылы жасушаға өте оңай ене алады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Сан-Францискодағы Калифорния университетінің ғалымдары коронавирустың өлім қаупін 12 есеге арттыратын ауруды атаған болатын.

Кең ауқымды зерттеуге сәйкес, қант диабетімен ауыратын COVID-19 жұқтырушыларының ауруханаға жату мұқтаждығы алты есеге, ал қайтыс болу қаупі 12 есеге көбейген.

Сондай-ақ, бұл ауру коронавирус инфекциясының неғұрлым ауыр өтуіне ықпал етеді екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1867787-galymdar-koronavirus-kezindegi-ksti-immundyk-reakcia-turaly-ajtty/