RU

Қытайда оба жұқтырған адам көз жұмды

Оба жұқтырған
Көрнекі фото: pixabay.com

Қытайдың солтүстігіндегі Ішкі Моңғолия автономиялық ауданында обамен ауырған тұрғын қайтыс болды. Онымен байланыста болған 35 адам оқшауланған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Хабарламада ер адамның Хошунда (Ішкі Моңғолия автономиялық аймағындағы әкімшілік-аумақтық бірлік - ред.) Дархан-Муминганда қайтыс болғаны айтылған.

Зертханалық тесттер марқұм ішек обасымен ауырғанын көрсеткен. Сарапшылар өлім себебі қан айналымы жүйесінің тозуы деген қорытындыға келген.

Қазірші таңда марқұммен байланыста болған 35 адам оқшауланған. Олардан аурудың белгілері байқалмаған, алынған тесттер де теріс нәтиже көрсеткен.

Ал жергілікті билік эпидемиологиялық ескертудің үшінші деңгейін жариялаған. Елде аурудың таралуын болдырмау және бақылау үшін шаралар қабылданған.

Сонымен бірге билік жергілікті тұрғындарды қырағы болуға, тазалықты сақтауға және қандай да бір белгілер пайда болған жағдайда медициналық көмекке жүгінуге шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Моңғолияның Говь-Алтай аймағында бубон обасынан 15 жастағы жасөспірімнің көз жұмғанын хабарлаған едік.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Доржийн Нарангэрэлдің атйуынша, ПТР тест нәтижесі 15 жастағы жеткіншектің өліміне бубон обасы себеп болғанын көрсеткен.

Қайтыс болардан үш күн бұрын жасөспірім суыр жеген екен. Аталған жануарлар әдетте обаны тасушы болып табылады. Марқұмның жақындары карантинге алынған.

Кейін елде тағы бір бала бубон обасын жұқтырды деген күдікпен оқшауланғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1868491-kytajda-oba-zktyrgan-adam-kz-zmdy/