Әлемде тағы бір миллиардер пайда болды

Опубликовано:

Кук 684
Тим Кук. Фото: andro-news.com

Америкалық Apple компаниясының басшысы Тим Кук долларлық миллиардер атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Bloomberg агенттігінің ақпарынша, Apple акцияларының бағасы өсуіне байланысты Куктың қаржылық жағдайы миллиард доллардан асып түскен. Алайда, әзірге нақты сома көрсетілмей отыр.

Айта кетейік, өткен аптаның ішінде Нью-Йорк қор биржасында Apple акцияларының бағасы 5 пайызға жуық өскен. Қазіргі уақытта компанияның капиталдандыру сомасы 1,9 трлн доллардан асады.

Куктың қаржылық жағдайын бағалау ашық дереккөздердің ақпараттары негізінде жүргізілді. Дегенмен, агенттік мамандары шын мәнінде Apple басшысының қаржылық жағдайы миллиард доллардан аз болуы мүмкін деген болжам жасауда. Себебі ол ірі сомада анонимді қайырымдылық шарасын жүзеге асыруы мүмкін.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлемдегі ең бай адамның бұрынғы жары жаһандағы ең бай әйел атанғанын хабарлаған болатынбыз.

13 шілде күні кешке әлемдегі ең бай адам Джефф Безостың бұрынғы әйелі Макензидің жағдайы 65,2 миллиард долларға жетті.

Осыйлайша Макензи L'Oreal негізін қалаушы Франсуа Бетанкур-Майердің немересін басып озып, әлемдегі ең бай әйел атанды.

Сондай-ақ бұған дейін өте қарапайым өмір сүретін әйгілі миллионерлер жайлы жазған едік.

Олар құр мақтан үшін қымбат киім киіп, мейрамханалардан тамақтанбайды. Әрбір тапқан тиынын есеппен жұмсап, үнемдейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1868959-lemde-tagy-bir-milliarder-pajda-boldy/